ЗАҢДЫЛЫҚ

lat: ZAŃDYLYQ

зат. Табиғат, өмір қағидаларына сәйкес келген құбылыс; қалыпты жағдай.

Қаншама көлденеңнен өтті қарғып,

Әлемге әмір беріп, етті жарлық.

Ғаламдық заңдылықты мойындамай,

Жүргені барды жоқ қып, жоқты бар қып (3,136).

Айналамызда болып жатқан алуан түрлі құбылысқа әркім өз көзімен қарап, өзінше сезініп, өзінше қиып-пішіп, өзінше байламын жасау - табиғи заңдылық (4,286).