ЗЕРДЕ

lat: ZERDE

зат. Ақыл-ес, сана, зейін.

Тұлпардай тықыршып кермеде,

Керемет үн-саз тұр бөлмеде.

Бірде ол жүйкеңе нұр құйса,

Бірде ол мұң салар зердеңе (1,112).

Шыт көйлегі жабысқан кеудесіне

Қарамасқа, қоймайды көрмесіңе.

Не келді екен сайтанның зердесіне ?!

Жалаңаяқ сиқырға қарап тұрып,

Жалаңаяқ жастығым келді есіме! (3,85).