ИТ

lat: IT

зат. 1. Үй күзетуге, мал бағуға бейімделген асыранды үй хайуаны.

Кісі алатын төбеттер қалай бөтен?!

Несібемнен бұрылып қалай кетем?!

Қорқпа, аға, есен-сау үйге де ендім,

Аш адамды ит тағы аяйды екен (1,245).

Иттер кінәсін мойындағандай, құйрықтарын бұлғап, тым-тырыс бола қалысты (4,118).

2. ауыс. Біреуге ор қазғыш, оңбаған; адам емес.

Қыздар үнсіз қарауда бір-біріне,

«Тағы не боп қалды?!» деп ділгіруде.

Аты қазақ демесең, иттерменен

Жарамайды қасында бір жүруге (3,64).

Сау жүрсем, сақтана бастайды. Әсіресе Х... Ой, зұлым-ай! Неғылған іші тар ит еді?! (4,54).

3. сын. Ауыртпалығы мол, қиын, азапты.

Күрсіндіріп кетті ғой текке мені...

Қойшы, тәйірі, осынау, ит өмірге

Текке келіп, адамдар текке өледі.

Дей алмаймын өмірге ол өкпеледі (1,94).

Өтті күндер, кетті кім құрағынан,

Ит өлімді еріксіз мұра қылған.

Адамдардың өмірі жаралсашы

Радийдің өзінің шуағынан (2,240).