КЕЗЕК

lat: KEZEK

зат. 1 . Бір нәрсені істеу үшін адамдардың тәртіппен бірінен соң бірінің тұруы .

Болмағандай, жүрмегендей сенде біз,

Кетеміз-ау, әй, кетеміз... пендеміз.

Ұрпақтарға береміз де кезекті ,

Біз кетеміз. Кету үшін келгеміз (1,166).

Кезек сіздікі, қашыңыз! деген де, торыны бұл да тартып-тартып жіберген (4,179).

2 . Бірінен кейін бірі, алма кезек .

Ұша алмай бала бұлбұл темір торда,

Еркімен сайрай алмай толғанады.

Дамылсыз кезек қарап оң мен солға,

Құпия баяулатып ән салады (1,49).

Ұмытылып кейде жан таппай,

Екі жақ кезек ығысты.

Бір әйел ұшты қалпақтай,

Айнала беріп бұрышты (2,317).