КЕЗЕҢ

lat: KEZEŃ

1 . Тау жотасынағы екі жағы түйетайлы болып келген аласа жер .

Содан бері көрмедім, жолаушы аға-ау,

Жолығысып, шіркін-ай, қол алсақ-ау!

Кезең асып, қайрылмай кетіп еді: Сонау сен, сонау атың, шанаң сонау (1,243).

Олар кезеңге енді шыға бергенде, аттарын ақ қырау басқан түлкі тымақты үш адам қарсы тұр екен (4,197).

2 . ауыс. Өмірдің биік-биік белестері, асқан асулар .

Бірге бастық өмірдің кезеңдерін,

Бірге кештік көлдерін, өзендерін.

Бір жан мені тыңдаса, сол тыңдар-ау,

Түсінер-ау, жанымды сезер менің (2,132).

Соғыс дейтін сөз ескі, өтті ол енді кезеңнен ,

Сөздік қорға фашизм, фашист деген сөз енген (1,242).