КЕЗЕҢ

lat: KEZEŃ

зат. 1. Уақыт, мезгіл, кез .

Өр адамды өкшелеген өскеннен,

Жоқшылықтың жойқын қара түні еді.

Сол бір қатал кезеңдерде ес берген.

Қайырымды дос кім еді? (2,51).

Иә, қазақ поэзиясы тынымсыз өсу, өркендеу кезеңін басынан өткеруде (4,258).

2. Тарихи дәуір, заман .

Осындай әрі-сәрі жағдайда жүріп,

Карл Маркс өмірінің Лондондағы ауыр кезеңіне арнап «Мавр» деген поэма жаздым (5,225).