КЕҢІСТІК

lat: KEŃİSTİK

зат. Кең дүние, шетсіз, шексіз әлем .

Айығып келем, Айығып келем бәрінен.

Емделіп жүрмін, Жақсылар берген дәрімнен.

Мен үшін өмір тарылған емес, әлі кең,

Кеңістіктерге сапарға шығам әлі мен (3,150).

Гагарин адамзаттың ғасырлар бойғы арманын көктен әрмен алып ұшқан тарихтың тұла бойы тұңғышы, жердің әлемдік кеңістікке аттандырған алғашқы қарлығашы (4,248).