КӨЗҚАРАС

lat: KÓZQARAS

зат. Адамның белгілі бір нәрсеге деген өзіндік ұғым-түсінігі, ой-пікірі.

Көзқарастар құпия арбасады,

Әлсін-әлі құпия жалғасады.

Қапелімде жалт еткен бір сәулеге,

Қайта-қайта қос жүрек жармасады (2,330).

Ақынның «Қош көктемі» - автордың творчестволық өсу жолынан, ой-дүниесі мен өмірге деген көзқарасының қалыптасуынан, дүниетанымынан мол хабар беретін жинақ, Ақынның алған бағытын, ұстаған жолы мен аңсаған арманына жету жолындағы қуаныш-күйінішін аңғартатын Тұманбайдың аяулысы бұл жинақ (4,290).