КҮЙСАНДЫҚ

lat: KÚISANDYQ

зат. Пернелерін саусақтарымен басып ойнайтын күрделі құрылымды музыкалық аспап; пианино.

Аласартты тағдырым, биіктетті,

Бәрі өкінішті. Қуаныш, күйік те өтті.

Екіталай кезеңде еңсем бұққан,

Күйсандыққа саусағым тиіп кетті (2,294).

Дала, дала... Сал дала, селеулеген,

Жырмен ұйқтап, оянған өлеңменен.

Дала деген күйсандық бұл қазаққа,

Абай десе құлағы елеңдеген (1,141).