КІРПІК

lat: KİRPİK

зат. Көз қабының жиегіндегі түк, қылшық .

Отар жатыр қойнауда, ықтасында, (Ығыр көрсе, бораннан бұқпасын ба?).

Қарауылдап шопан тұр аттан түспей,

Аяз қарып, кірпігін шық басуда (2,195).

Кенет, қос жанар кірпігін қағып-қағып жіберіп еді,

моншақтай мөлдір тамшылар ытқып-ытқып кетті де,

айнадағы көздер ғайып болды (4,150).