ҚАДАМ

lat: QADAM

зат. Адамның жүру кезіндегі екі аяқтың аралық қашықтығы; адым.

Не көрінген бұл үйдің адамына?!

Қуанбайды қаз басқан қадамыңа.

Неге сенің жан анаң бір күрсініп,

Ауық-ауық қарайды жанарыңа?! (1,149).

Төбемнен ұзама жүз қадам,

Жылата бер денемді мұздаған.

Зәредей сәулеңді мен сенің

Некелі жарымдай қызғанам (1,130).