ҚАЙ

lat: QAI

есім. Нақты қайсысы екенін анықтау үшін берілетін сұрау есімдігі.

Бөпем, бөпем, бөпем-ау,

Қай жерде қалды көкең-ау?!

Кей-кейде біздің халық та,

Өтірік айтады екен-ау! (2,145).

Қай күні менің Тәмамдалады дастаным?

Бітпесе екен, Жаңадан ғана бастадым.

Биіктей берсін, биіктей берсін,

Өкінбен, Мұнартып тұрған шыңдарым менен асқарым (3,244).