ҚАЙДАҒЫ

lat: QAIDAǴY

есім. Керек емес нәрсе, жоқ пәле.

Қамықпа, жаным,

Қайдағыны еске салмашы,

Сескене берме,

селт ете қалса тал басы.

Сені мен біздер осынау дастан-өмірдің

Жалғанда бітпес жалғастарының жалғасы (2,31).

Жазасыңдар-ау, апыр-ау,

осы жазушы деген жұрт қайдағыны

қайдан ойлап табады? (4,219).