ҚАЙМАҚ

lat: QAIMAQ

зат. 1. Піскен сүттің бетіне жиналған майлы қабат.

Аласарып Ай батқан,

Ай батқанда аймаққа,

Жұлдыз шоғын жайнатқан.

Аумайды бір құсжолы,

Ақтарылған қаймақтан .

2. ауыс. Көптің ішіндегі бетке ұстары, мықтысы.

Олар әлгі шіркеудің маңызы мен қаймағы,

Барлық елге белгілі ғалымдар ол жайдары,

Бәрісін де тәңірім бір жіппенен байлады (5,73).