ҚАЛА

lat: QALA

зат. 1. Зауыты, фабрикасы, өнеркәсібі, оқу орындары бар ірі елді мекен.

Оқу іздеп екеуміз қала бардық,

Қала бардық, ауылды ала бардық.

Аңсаған арманымыз алдан шығып

Сен ИФК 1 , мен КазГУ-ді қалап алдық (2,339).

Қалада мынау тұрмыс та ерен, күй де ерен,

Көрместі көріп, білместі біліп, үйренем.

Сәл ғана жаным қинала қалса, дүрлігіп,

Дүниенің бәрін шақырып алам үйге мен (2,126).

2. ауыс. Қорған, қамал.

Шешей қазір шаруа басыбайлы,

Әжем отыр тастап ап насыбайды.

Қайран қалам ! Апырау, неткен берік?!

Жалғыз ұлы өлсе де жасымайды (1,263).