ҚАҢТАР

lat: QAŃTAR

зат. Жылдың бірінші, ал қыстың екінші айы.

Тастамайын оқуды налығанда,

Тарығарда, қауқарсыз арығанда.

Тастамайын оқуды, тері шалбар

Борбайымды қаңтарда қарығанда (1,266).

Танымайтын аңқауға,

Табиғаттың сыры көп.

Қаһарланған қаңтарда ,

Қайдан соқты жылы леп?! (1,219).