ҚАРЫН

lat: QARYN

зат. 1. Адам мен жан-жануарлардың ас қорыту мүшесі.

Жер жыртып тіс ағашпен, өгізбенен,

Әкелер даламыздан жем іздеген.

Қамқор боп қара қазан, сарбалаға,

Әйтеуір, қарнымыз аш дегізбеген (3,263).

2. Дененің бауыр, бүйрек, әртүрлі ішектер орналасқан ауқымды бөлігінің сыртқы көрінісі.

Жер, қайтіп сен, қойның толы өліктерден арылдың?

Маскүнемдер әлегінен, әлегінен жуан-жуан, мешкей, семіз қарынның?

Қоңырсыған қою етті қайда құрттың, нағылдың? (3,310).

Елестің сөзін көрші елес кенет естіп қалды да,

Сый нақақ деп ұйғарды белгілі бекзат алдында,

Жұдырықпен бір түйді тығыршықтай қарнына (5,144).