ҚАРЫНДАС

lat: QARYNDAS

зат. 1. Қыз бала өзімен бірге туған ағасына (ағаларына) қарындас болады.

Қала бізге жақпады, сыртты ойладық.

Ана, іні, қарындас, жұртты ойладық.

Шашымызды додалап, қираң басып

Мұрнымыздың астына мұрт қоймадық (2,339).

2. Бірге тумаса да, жасы үлкен ер адам жасы кіші әйел баласын ізеттілікпен қарындас деп атайды.

Ұмытамын кім қандай Жүз екенін,

Мен осында өзімді күзетемін.

Қайырымды қарындасқа көмекші боп,

Сырқаттарды түн бойы күзетемін (3,79).

3. Қаратпа сөз ретінде де қолданылады .

Таныс болайық, қарындас. Алматы музыкалы училищенің преподавателі Бағдат Мамыров (4,234).