ҚАСИЕТ

lat: QASIET

зат. 1. Әрбір затқа тән айырықша белгі, сапалық ерекшелік.

Мен бақыттымын,

Бақытты жерде туылдым.

Айналайын Қарасаз,

Қасиетінен суыңның! (1,201).

Ақын болып несіне жаратылдым,

Арасында қап қоймай қара түннің.

Қасиетін сезем деп Ана тілдің,

Қауырсыны қалмады қанатымның.

Қу тірлікке құл болып, аяң басып,

Құлашымды жая алмай баратырмын (3,72).

2. Белгілі бір адамға, халыққа тән ерекше қабілет, тылсым күш, құдірет.

Мына жұртқа жақпады ма әлденем?!

Бекер өмір сүргемін бе әлде мен?

Халқым, сенің қасиетіңді білем деп,

Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?! (3,252).

Басқалар мән бермеген нәрсеге мән беріп, өңсіз нәрсені әрлендіріп, жансыз нәрсеге жан бітіру. Бұл қасиеттер бойында жоқ ақынның барар жері белгілі (4,286).