ҚАСИЕТТІ

lat: QASIETTİ

сын. 1. Құдіретті, қадірлі, қастерлі (халық, тіл).

О, менің Жерұйығым.

Асан атам іздеген!

Қатыгез кездерінде

Қасиетті халқым сенен күдер үзбеген,

Сенен бақыт іздеген,

Тұрсаңшы, тойласаңшы бізбенен (1,150).

Ал екінші бақытым Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім (3,274).

2. Берекелі, ырысты, бай (ел, жер).

Қасиетті Қазақстан! Тың мекенім,

Әлемге атағыңды ту көтердім.

Ту көтеріп, тусыған тың көтердім,

Тың ырысым, сенімен бірге өтемін (3,216).

Азаматтар, оралыңдар, оралыңдар елге,

Туған жерсіз бақыт та жоқ, бола қалса сенбе!

Қалай ғана оралмассың, бара алмассың сендер,

Кіндік қанын тамып қалған қасиетті жерге! (3,229).

3. Киелі, аруақты, әулиелі (адам).

Тәуіп жеңешем де сонда, мені Молдекеңе жіберді. Қасиетті адам ғой, ертіп кел, мүмкін, со кісіні көріп серпілер, дейді (4,182).