ҚАТАЛ

lat: QATAL

сын. 1. Тәртіпке шақырғыш, талап қойғыш, талапшыл дам).

Байларменен пейілі қатар екен,

Шалдың шақар мінезі қатал екен.

Ірімшігін қайнатып, құртын жайып,

Сары қымыз сапырып жатады екен (1,272).

Қатал келін қаһарынан,

Қайран әже түңілді.

Уыз сәби әжесінің алдына кеп жүгінді (2,368).

2. Қайырымсыз, рақымсыз, қатыгез дам, соғыс).

Қанша қатал болғанымен, аңтарылды ол, атпады,

Қамшы басып күреңіне қақ белімнен аттады (1,312).

Коммунистер гуманистер, перзенттер,

Қатал бірақ жауларға,

Сондықтан да жанталасып жендеттер

Оларды әлі аулауда (2,283).

3. Ызғарлы, аязды, суық (қыс).

Аяз қарт дауылдап, дауылдап,

Басылған сәті еді мамырлап.

Қатал қыс әріге бара алмай

Тұр ма әлде Горкада дамылдап?! (1,129).

Қысы қатал, қытымыр,

Жазы жайсаң шуақты,

Ойлап тұрса, осы жан барлығына шыдапты.

Тас қопарып, тау суын егінжайға әкеліп,

Жетелеген кетпенмен желіп аққан бұлақты (2,263).

4. Ауыр, қиын, азапты (тұрмыс).

Жүргенде қатал тұрмыс илеуінде,

Білмеймін, сүйдім бе мен, сүймедім бе?

Жастықта жалын атып сүйсем егер,

Түспес ем дәл мынадай күйге мүлде (2,7).

Жесірлердің көз жасынан қорғана,

Махаббатың, сірә, ешкіммен болмаған.

Қатал тағдыр сені егер де әкетсе,

Бүкіл дүние жесір қалар, ол жаман (4,11).

5. Орындалуы мүлтіксіз, бұлжытпай талап етілетін (тәртіп).

Таломеяда ежелден қатал тәртіп тұр мұнда,

Атропос жаныңды алғанынша бір жылда,

Шыбыныңның бөлшегі өзі-ақ ұшар құрдымға (5,159).

«Қайырымды ұстаз, өсиетіңді есте қатал сақтауға,

Есім менің екіталай басқа сөзді жаттауда,

Басқа сөзді жаттауда, қасиетіңді сатпауға» (5,47).

6. Өзгертуге болмайтын, мызғымас (үкім, заң).

«Ұлы ұстазым, бұлардың азаптары арылмай,

Қатал үкім бойынша қала ма өстіп алынбай?

Жеңілдей ме немесе бере ме әлде қалыңдай? (5,33).

Бүр жарды, кетті. Өмірді мәңгі мансұқ қып,

Соларды іздеп, сорларды талай қаңсыттық.

Қойғаны-ай, шіркін, өмірдің қатал заңының,

Оларды бізге, оларға бізді таңсық қып (2,20).

7. Тікелей бетке айтылған (сын, ескертпе).

Қан төгіссіз қатал сыны тартыстың,

Ғасыр өтіп, замандардан заманға,

Жаңа өмірі жалғануда Маркстің (2,53).

Осы сөздің арғы жағында «бала кінәлі емес, баладан мейіріміңді үзбедеген бір қатал ескерту бардай көрінді оған (4,146).