ҚАТЫГЕЗ

lat: QATYGEZ

сын. 1. Тасжүрек, қатал, безбүйрек.

Білгендер білсін, білместер, мейлі білмесін.

Қолдасын мейлі, қорласын мейлі, күндесін.

Қара тастан да мейірім күткен ақынды,

Қатыгез жандар ашынтып алып жүрмесін (2,77).

Қиқулаған қалың қол құйын дерсің,

Қайтып оған шағын жұрт тыйым берсін.

Тозған жұртты топырлап тапап кетті,

Қатыгез жау қайсыбір бұйым көрсін (2,101).

2. поэт. Ешкімді аямайтын, рақымсыз, мейірімсіз.

Күш-қайрат бойынан тайды ма

Не болды Ильичке, қайғы ма?!

Әлде оған қатыгез кәрілік

Сіңірлі саусағын жайды ма?! (1,110).

Төсектес көрші,

Ғажайып жанды көрдім мен,

Қатыгез сырқат қос жанарын да сөндірген.

Жауынгер жорық басталыпты да Шығыстан,

Аяқталыпты батыста жатқан Берлиннен (3,243).