ҚАУІП

lat: QAÝİP

зат. Қатер, қорқыныш, үрей .

Өмірде әлі қауіп көп қой не түрлі,

Қарт қалғымай, күзетші боп бекінді.

Сәл ұйықтаса, төрт немере төрт жаққа,

Көзден ғайып болатұғын секілді (1,289).

Үшеумізде жалғыз ғана қауіп бар,

Кім біледі, тағдырымыз анықтар.

Дала күңгірт, жатыр ма әлде жауып қар?

Желмен ұшып бара ма әлде мамықтар? (3,70).