ҚОҚЫС

lat: QOQYS

зат. 1. Жиналып қалған керексіз қалдық заттар.

Адамдарға соншама ғажайып заттар сыйлайды,

Ақысына олардың қоқыстарын жинайды (3,312).

Көтерілдік сонда біз, көрдік бір топ тұр адам,

Нәжіс қиға малынып, тұралап тұр турадан,

Жинап алып келгендей қоқыс төккен ұрадан (5,87).

2. ауыс. Адам бойындағы жаман қасиеттер.

Жарқыным-ау!

Жақсымын деп айтпасаң да, мақтандың,

Жамандықты зерттедің де, қоқыстарын ақтардың.

Жан-тәніңмен жамандықты жерлегенің соншама,

Оу, жақсым-ау, өзің жаман боп кетуге шақ қалдың (1,207).