Ана

lat: Ana

зат. зоол. Алты жасар бүркіт.

Жалпы алғанда бүркіттің жас мөлшерін білдіретін атаулардың алғашқы тобы балапан тірнек, тастүлек. Жыл санын білдіретіні анық, ана, қана, жана атауларға құстың «жас дəурен» жылдарын мезгейтін сияқты (Ж.Бабалықов, Қырандар, 121).

Бүркіттің бір жасқа дейінгісін балапан, екідегісін қантүбіт, үштегісін тірнек, төрттегісін тастүлек, бестегісін мұзбалақ, алтыдағысын ана, жетідегісін қана деп атаушы едік (Қаз. əдеб., 21.03.1986, 14).