Біртуар

lat: Birtýar

зат. Нар түйенің бір тұқымы.

Қазақтар түйені тұқымына қарай бекбатша, қолбатша, қылағай, оқпақ, жамбоз, қалбағай, біртуар, арақоспақ, мырзақоспақ т.б. деп атайды (Қаз. мал атаулары, 48). Біртуар таза қанды нар түйенің бурасы (лөк) таза қанды қос өркешті түйенің інгеніне шағылысуынан пайда болған түйе (Бұл да, 52).