Дәрумен

lat: Dárýmen

зат. жаңа. Витамин.

Қыс айларында өзге азық-түліктерде дəрумендер азайғанда, сүтттегі дəрумен азаймайды, керісінше жақсы сақталады (Жас алаш, 23.12.2004, 4). Қиярдың көлемі неғұрлым кіші болса, оның құрамындағы С дəруменінің мөлшері соғұрлым көп болады (Алаш айнасы, 2010, 90, 5). Қартайған адамдарға В2, В6, В12, РР дəрумендері жетіспейді. Сондықтан құрамында осы дəрумендер кездесетін көгеніс, жемісжидек, жаңғақ, теңіз тағамдарын көбірек жеу керек (Отбасы, 2007, 4, 22).