Дүңгіршек

lat: Dúńgirshek

зат. көне. Қаймақ, кілегей құюға арналып, ірі малдың тізе, тірсек (қалың) терісінен тігіп жасалған, сопақша пішінді ыдыс.

Дүңгіршек көшпенді тірліктің талаптарына сай жасалғандықтан, оңай сынып бүлінбейтін ыдыс түріне саналады (Қаз. этнография., 1, 668).