Жөйіт

lat: Jóıit

зат. көне. Еврей (яхуди).

Мұнымен тұра тұрсын екі бала, Хабарын жөйтте қалған ғаріп ана. Ғазаппен залым жөйтте қалған еді Япырымау не болды екен сол бейшара (Бабалар., 1, 154).

Қасындағысының аты Яков, тоғызда, қолағаштай мұрнына қарағанда жөйт тəрізді, бірақ документте орыс деп жазылған (М. Мағауин, Бір атаның, 7).

Бұл жөйт дінінің кітабы ғой (Ш.Мұртазаев, Қызыл жебе, 6).