Жігер

lat: Jiger

зат. Ағаш бұтағының онша жіңішке емес, мықты əрі түзу кесіндісі.

Құм ішіндегі құдықты сексеуілдің сары жігерімен құрсаулап тастаған болатын (Ө.Қырғызбаев, Қырда., 208).

Жігіт қарманып қап сілтеген жыңғыл жігерді дарытқан жоқ (Д. Досжанов, Зауал, 75).

Ол қия беттен сексеуілдің жігерін сындыра алмай шайқап жатқан (Қаз. əдеб., 22. 08. 1982, 15).