Көз

lat: Kóz

Аттың шашасының жоғарғы жағына сіңір мен сүйектің арасына жиналған сары су.

«Көз» екі қалтадан тұрады. Томпайған ісікке үшкір бізді тықсаңыз сары су ағып кетеді (Алматы ақшамы, 13. 11. 1991, 3).

Көз аңғалағы. Көз орналасқан бас сүйек шұңқыры.

Көз аңғалағынан моншақ-моншақ жас төгіліп, төмен қарай сорғалап жатыр (Лен. жас, 19. 05. 1981, 3).