Кіріс

lat: Kiris

зат. көне. Адырнаны иіп тұру үшін оның екі басын керіп байлаған жіп.

Ату үшін адырнаны кері қарай қайқайта иіп кереді. Оған қайыстан, тарамыстан немесе жібектен жасалған керме жіп кіріс байланады (Қаз. этнография., 1, 65).

Қазақ садағы екі бөліктен тұрады: серпінді бөлігі адырна, оған керілген, оқты тіреп ататын жібі кіріс (Бұл да, 2, 179).

Садағына сары жебені салдырған, Садағының кірісін Сары алтынға малдырған, Тереңнен көзін ойдырған (Махамбет: Нар заман., 227).

Алты атқа алған адырна Ата алмасам, маған серт! Шым жібектен ескен кірісі, Үзіліп кетсең, саған серт! (Қарасай-Қази: Ақсуат, 2, 76).