Мерген

lat: Mergen

зат. астр. Аспанның оңтүстік жарты шарына, дəлірек айтқанда Сарышаянның маңына орналасқан шоқжұлдыз.

Ол қауыс (қараша) айында көрінеді. Шоқжұлдыздардың саны көп. Олар: Аққу, Арыстан, Бүркіт, Жетекші, Мерген, Саршаян, Кіші Аю, Үлкен Аю т.б. (Х.Əбішұлы, Халық астр., 9).

Мерген жұлдызы Бүркіт, Қалқан, Жылан, Жыланбөктерген, Сарышаян, Ешкімүйіз шоқжұлдыздарының аралығында орналасқан (ҚҰЭ., 6, 472).