Төртем

lat: Tórtem

зат. Бір анадан (енеден) бір кезде туған төрт бала (төл). Алматы қалалық Алатау ауданының əкімі жуырда төртемді болған Қапаровтардың отбасында болған еді. Енді, міне, төртемдердің əкесіне «Айнабұлақ» шағын ауданындағы су жаңа үйден үш бөлмелі пəтер кілті табыс етілді (Ана тілі, 2010, №21, 3). Саулықтар неғұрлым күйлі-қоңды болса, сол ғұрлым егіз мол болады, тіпті үшем, төртем де туатын (Қазақст. ауыл шаруаш., 1970, №3, 35).