Тұздық

lat: Tuzdyq

зат. Тоғызқұмалақ ойынында бір ұяны белгілеу арқылы артықшылыққа ие болу əрекеті. Тоғызқұмалақта мұндай артықшылыққа ие болу «тұздық» немесе «тұзды үй» деп аталады (О.Жолымбетов, Айгөлек, 48). Жетінші, сегізінші отаулардың қандықақпан, көкмойын атауларының себебі егер олар «тұздыққа» берілсе, үстінен жүріс көп өтетін болғандықтан жүруші жақтың құмалағын азайтып, қарсы жақтың позициясын күшейтіп отырады (Бұл да). Бірақ тұздығы бар жақ əрдайым ұта бермейді. Тұздықты есеппен беріп, сан соқтыратын ойыншылар болады (Лен. жас, 08.11.1988, 4).