ЖЕМІС

lat: JEMİS

кейбір ағаштар мен бұталардың жеуге жарамды тұқымдары. Олар, негізінен, мынадай түрлерге бөлінеді: дәнді жемістер алма, алмұрт, айва, т.б.; сүйекті жемістер өрік, шабдалы, шие, қара өрік, т.б.; субтропикалык немесе тропикалық жемістер ананас, банан, анар, інжір, манго, т.б.; цитрусты жемістер апельсин, лимон, мандарин, грейпфрут, т.б.; жидектер қарақат, қарлыған, жүзім, мүкжидек, т. б. Жеміс аса құнды тағамдық өнім. Оның құрамында тез қорытылатын көмірсулар, органикалық қышқылдар, С витамині, минералды заттар, тұтқырлы заттар, хош иісті заттар бар. Олардың мөлшері жемістің түріне қарай өзгеріп отырады.