СОРПА

lat: SORPA

көкөніс, балық, етті қайнату ортасы. Оның қоюлығы ондағы өнім мен судың мөлшеріне және қанша рет қайнатылғанына байланысты болады. Түссіздендірілген немесе боялған сорпа жеке тағам ретінде қолданылады. Сорпаның қоректілігін арттыру үшін (пирожки, бөлке, кепкен нан түйіршіктері, макарон өнімдері, жармалар, жүгері, бидай) салынады. Сорпа, негізінен, неміс және француз асханасының тағамы. Егер олар ұзақ мерзім сақталынса ондағы органикалық заттар ыдырауы мүмкін. Соңғы кезде сорпалар орнына көптеген ұлттық көжелер кең тарала бастады. Олардың қоректік қасиеті жоғары әрі дәмді және хош иісті болады.