СУ

lat:

аспаздық өндірістегі көптеген процестерге (қайнату, бұқтыру, тұздау, маринадтау және т.б.) қолданылатын өнім. Су аспаздықта тек қана компонент ретінде ғана емес, сонымен бірге технологиялық, және гигиеналық мақсатта қолданылады. Судың аспаздық өнім ретінде оның тазалығы және жұмсақтығы маңызды (кермектігі 8 мг/экв сорпаларға, 4-6 мг/экв сусындарға). Әсіресе судың жұмсақтығы шай, кофе сияқты өнімдерге қажет.