СҮЗБЕ

lat: SÚZBE

белокты сүт қышқылды өнім. Құрамында толық құнды белоктардан басқа минералды заттар бар. Сүзбе қарт адамдарға, сонымен қатар өкпе және сүйек туберкулезінде, асқазан, бүйрек ауруларына пайдалы. Өндіру әдісіне байланысты сүзбе: қышқыл-мәйекті қышқыл және мәйекті фермент көмегімен пастерленген сүттен алынады; қышқылды сүт қышқылымен әсер етіп пастерленген сүттен және майсызданған сүттен алады; жеке алдымен, майсызданған сүт алады да, оны кілегеймен араластырады (кез келген майлылықты сүзбе алынады).