Талант

lat: Talant

ең алдымен, арнайы қабілеттердің жоғары деңгейде дамуы; өзінің сонылығымен, жоғары дәрежеде жетілдірілуімен және қоғамдық мәнімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік беретін қабілеттер жиынтығы. Талантты адамдарға қызметтің белгілі бір түрімен шұғылдану тән, олар таңдап алған ісіне құмар болады. Талантты адамның еңбегінің нәтижелері өздерінің түбегейлі жаңашылдығымен, бірегейлігімен ерекшеленіп тұрады.