ҮЙІР

lat: ÚIİR

3 е т. 1. Бір жерге жинау, топтау. Көтеріңкі жел қара қошқыл бұлттарды ү й і р е айдап аспан қабағы түнере түседі (Ә.Сәрсенбаев, Офицер). Екі-үш күн бұрын қара суық кезінде қатқан бар мұзды теңіз тамағына әкеліп ү й і р г е н (Ә.Сәрсенбаев, Капитан.). Дарылдап қырдан жерге түйілгендей, Долданып дауыл құмды ү й і р г е н д е й. Басылып біраздан соң сылқ-сылқ күлед, Дұшпанын мұқатқанға сүйінгендей (М.Жұмабаев, Шығ.). Көкірегін шер буып, Омырауын сел жуып, Келеді ол қаңбақтай, Шырқ ү й і р г е н жел қуып (С.Мәуленов, Алыс кет.). 2. а у ы с. Өзіне тарту, қызықтыру, жақындату. Бойында адамды ү й і р е тартып тұратын бірдеңе бар сияқты (М.Мағауин, Ақша қар). Шынымен-ақ Ермек осы қызды ү й і р і п әкете алады ма екен? деді ол жігерленіп (Т.Ахтанов, Дала сыры). Осы баланы біртеірте өзіңе ү й і р і п барасың (А.Шамкенов, Қызыл жалау). Оның жұмсақ мінезі бізді бірден ү й і р і п әкетті (С.Мұратбеков, Көкорай). Кәрі де ол көне дүние көзіндей, Жас еді ол жаңа заман сөзіндей. Тұрушы еді жұртты ү й і р і п тілімен, Қарттығы да, жастығы да сезілмей (С.Мәуленов, Алыс кет.). 3. а у ы с. Еліту, бағындыру. Бұдан өткен зор қасірет болар ма, Бұдан өткен зор қасірет болар ма, Деп әкесі жас ү й і р д і жанарға, Қабағыңды жаба қалды неге мұң, Әке, сенің қай сөзіңе сенемін, Есіңде ме, Менің бала күнімде Махамбетті жек көремін дегенің? (М.Шаханов, Ғасыр.). Замана желі ү й і р і п, Көмілген қыстау-қоралар. Өрілген қыштан құйылып, Жанында ескі молалар (С.Мәуленов, Алыс кет.). Уақыт бізді боран болып ү й і р д і. Үйірді де асығындай шиырды. Қиындық та, Шарықтау да, Өлім де Бірінші боп Төлегенге бұйырды! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі.).