lat: ÚLESTİRÝSHİ
зат. Таратушы, бөліп беруші.
Хат үлестіруші оның фамилиясын екінші рет атады (Қоғамдық тәртіп.)
Тұрғындар тізімін үлестірушінің қолына беріп, жан басына екі-үш литрден артық босатпа, – деп қойса, дұрыс бола ма? (Қ.Исабаев, Өрде.)
Бөжей мынау екеуін құр тыңдаумен отыр еді. Енді ыза болғандай бұрыла берді де: – Е,е, сыбаға үлестіруші сен екеуің болсаң, айтарсың – деп қолын сілікті (М.Әуезов, Абай жолы)