ҮҢГІРЛЕ

lat: ÚŃGİRLE

ет. Белгілі бір жерді үңгір етіп қазу; қуыстау.

Ақ таудың астын үңгірлеп тұрып кіруіміз керек (Ғ.Мүсірепов, Белдерде.).

Ол сабан маясын үңгірлеп, арбаның жетегін көтеріп, күрке жасасты (Ж.Молдағалиев, Самал).

Қабырдың қабырғасын үңгірлеп жатуға ыңғайлады (З.Шашкин. Ұядан ұшқанда.).

Монахтар мен шаруалар көп жылдар бойы барлық жартастың астын үңгірлеп, жер астына толып жатқан өткелдер, оңаша бөлмелер жасаған, құрлыстың жер үстіндегі бетін әдемілеп өңдеген (С.Мұқанов, Естімеген елде көп.).