ОРНАТУ

lat: ORNATÝ

Орнат етістігінің қимыл атауы.

XIV-XV ғасырларда Колизейдің тасынан 6 шіркеу тұрғызылса, 1495 жылы рим папасы кеңесінің ғимараты салынған, XVI ғасырда көпір орнатуға талай тасы алынған (С.Абдрахманов, Елдік сыны).

Желтоқсанның 5-і мен 13-і аралығында өткен съездің Қазақстан үшін маңызы зор. Дәл сонда ұлттық Алаш мемлекетін орнату «Алашорда» уақытша халық кеңесі үкіметі құру туралы шешім қабылданған болатын («Егемен Қазақстан»).