ОРТА

lat: ORTA

1. сын. Белгілі бір мөлшерге жетпеген, толық емес, жарты.

Қыста тартылмай қалған орта мая шөптің түбінде Ұзақ пен Тана от жағып отырып таңды атырды (С.Мұратбеков, Дос ізде.).

Шыңғысты Матай алды дегенді естіп,

Қанжығалы қалыпты орта жолда.

Келгені Тобықтының осы маңға

Мың жеті жүз сексенге тақалғанда (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Бұдан кейін ол орта қап тезекті жантая отырып, маған ұзақ-ұзақ әңгіме шертетін (С.Нұрмағанбетов, Жауынгер.).

Қатты сусаған солдат құдық басында тұрған орта шелек суды басына бір-ақ көтерді («Жұлдыз»).