ОРЫНДАУ

lat: ORYNDAÝ

Орында етістігінің қимыл атауы. 1. Істеу, жасау, атқару.

Қазір Мариям Ниязованың звеносында алған зор міндеттемені орындауға деген талап күшті (С.Бақбергенов, Алтынемел.).

2. Жүзеге асыру.

Қытайда ең көп мүддесі болып отырған елдер Америка мен Ұлыбритания кезінде өздері белсене жақтаған Вашингтон шартын толық күйінде орындаудан бас тартып, Қытайда тек өздерінің тар мүдделерін қорғаумен ғана шектелгісі келеді (М.Шоқай, Таңд. шығ.).

Кен орнын ашық әдіспен игеру айналадағы ортаны қорғау мәселесімен үйлесімді ұштастыра білуді талап етеді, ал бұл талаптарды орындау бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің қатарына жатады (Т.Қалыбеков, Экология және ашық кен.).

Қандай заңның да тағдыры, көбіне көп оны орындауға, ең алдымен, мемлекеттік билік орындарының қаншалықты құлықты екендігіне байланысты болатыны еш құпия емес (Ә.Кекілбаев, Үш белес).