ОРЫНДЫҚ

lat: ORYNDYQ

зат. Кісі отыруға арналған арқалығы бар үй жићазының (бұйымының) бір түрі, отырғыш.

Күңгірт түспен ойға батып

Орындыққа отырған.

Жүрек қаны сыртқа атып,

Бет-аузынан оқылған (С.Торайғыров, Алаш ұраны).

Біз бас қоссақ кең дастарқан басында,

Көңіл сырын көкке өрлетіп ашуға,

Бос тұрады, міне, қанша жыл болды,

Бір орындық Нұрбейненің қасында (Р.Нұрпейісов, Қоңыр.).

Жанар томпаңдап пианиноның қасына барып, қақпағын ашты да, орындыққа отырды (Л.Құрманаева, Өшп. жалын).