ОТАЙ

lat: OTAI

ет. Жердің шөбі қаулап шығу, молаю, құнарлану.

Егерде сол қадарлы жаусаң жерге,

Су берсең шөлдеп тұрған егіндерге,

Көк шығып, жер отайып, егін өсіп,

Қандай зор тиер еді пайдаң елге (А.Байтұрсынов, Шығ.).

Жер отайып, отар даласына көк жусан қаптап шығып келе жатқан (Б.Тоғысбаев, Алдыңғы.).

Күзге қарай жері отайған, бұл жерлерде қар жұқа, қысы ызғарсыз, жылқы қыстауына іздесе таптырмайтын қоныс (Ж.Орманбаев, Қос басшы).

Жер отаймаған суық кез болғандықтан, көліктері қажып, тез арықтайды (Б.Соқпақбаев, Қайдасыз.).