ОТАРЛАУШЫ

lat: OTARLAÝSHY

зат. Бір елді өзіне бағынышты ұстаушы, отар етуші.

Отарлаушы ағылшындар үшін Бирман халқының сауатсыз болғаны қолайлы болды (Ә.Шәріпов, Алыс.).

Отарлау ісінің қанды көрінісі отарлаушының өзін тітірентіп жіберіп еді (Ж.Молдағалиев, Самал).

1770 жылы Австралияға ағылшын отарлаушылары келгенше мұнда кілең жергілікті австралиялық тұратын (Н.Баяндин, Ғасырлар қойнауына саяхат).

Негізгі отарлаушы елдер Ұлыбритания, Испания, Франция, Ресей, Германия, АҚШ, Бельгия, Италия, Жапония болды (Саяси түсіндірме сөздік).