ОТБАСЫ

lat: OTBASY

зат. 1. Үй-іші, бала-шаға, үйелмен.

Барды қанағат тұтып, жоққа жол іздемейтін біздің отбасы енді ғана, жақсының жаршысындай болған со бір қыз алдында өз тұрмысының күйкілігіне көзі жеткендей (М.Мақатаев, Шығ.).

Қален отбасына тыныш, қатын, балаға кең, мейірбан кісі үйде отырғанда үстіне келі түйсең де қыңқ етпейтін (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер).

Отау болып жұрт құрлы санатқа қосылмай, не отбасында берекесі, не отанға септігі жоқ төрт бірдей масылды дүниеге әкелмесе де болғандай екен-ау (Қ.Ысқақ, Күреңсе).

2. заң. Некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы.

Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар (ҚР Конституциясы).